Қазақстанның кәсіпкерлер қауымдастығы форумының атқарушы директоры Мунавара Палташеваның айтуынша, олар биылғы сәуір айынан бері осы уақытқа дейін Қытайдың Шыңжаң ауданы мен Алматы облысының шекарасында орналасқан «Қорғас» кеден бекетінде зерттеу жүргізген. Сонда жүргізушілерге таратылған анкета мәліметінше, әрбір мың долларға сатып алынған тауардың 85 доллары ресми емес төлемге жұмсалғандығы анықталыпты.
«Егерде жылына Қазақстан 6 миллиард долларды импортқа жұмсауға мәжбүр екендігін ескерсек, онда 164 миллион доллардың көлеңкелі бизнесте жүргендігін есептеу қиын емес», - дейді мониторинг авторы М.Палташева.
Қытайдан Қазақстанға жиһаз бен сантехника таситын «Азамат трэвэл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мейізгүл Әбдіқажымова кеденшілер және басқа да органдар жүкті өткізбей, уақытты әдейі созып жіберетінін айтады:
- Көлік инспекциясы қабылдамай қояды. Одан өтсең кеден, одан өтсең Ұлттық қауіпсіздік комитеті келеді. 3 машинамды қазір мен 17 күн болды кеденнен өткізіп жатқаныма. Жалпы, кеден мен көлік қызметтері неге керек, егер бәрін комитет басқарса? Бұлардың бәрі бір-бірімен байланысты. Баяғыдан келе жатқан жүйесі бар. Неге менің машинам шықпайды, басқаларынікі шығады? Ақша берген соң шығады!
Қаржы министрлігінің кеден комитетінің басқарма бастығы Ермек Смағұлов болса тек жалғыз кеденде ғана емес, жемқорлық басқа да мемлекеттік органдарда бар дегенді алға тартады.
«Ал, Қытай мен Қазақстан шекарасында жүктің тоқтап қалатындығына келсек, оның себебі көп. Ол - бекеттердегі ескірген жабдық және құжаттардың көптігі», - дейді ол.
Қырғызстанның тасымалдаушылар қауымдастығының төрағасы Темірбек Шабданалиев мемлекеттік қадағалау органдарының жұмысында жемқорлық жүйелі ойластырылған деп отыр.
«Қырғыз кәсіпкерлері Қазақстаннан өткенде әр машинаға мың долларды ресми емес төлемге жұмсауға мәжбүр болады», - дейді ол.
Қазақстандық кәсіпкер Әбдіқажымованың айтуынша, кеденнен белгілі бір арқауы бар кәсіпкерлер ғана еркін өте алады:
- Біз кірген кезде сұрайды: кімнің машинасы, кімге келді, кім арқылы шығады деп. Мысалы, Қалжат кеден бекетінде кедергісіз өту үшін «бұл - Талғаттың машинасы» деп шығады.
Қырғызстаннан көкөніс таситын Қазақстанның базарлар қауымдастығының атқарушы директоры Жібек Ажибаеваның айтуынша, «егер сен жемқорлық жүйеге бағынбасаң, онда жолдағы тонаушыларға құрбан боласың». Ал, Қаржы министрлігінің кеден комитетінің басқарма бастығы Ермек Смағұлов бұл криминалды немесе жартылай криминалды жайттар болуы мүмкін деген жауап айтты.
«Мұндай делдалдарды ортадан шығару үшін жұмыс жүргізіліп жатыр», - дейді ол.
Мониторинг жүргізген сарапшылардың жүргізушілерден алған ақпараттарда әр рейс үшін олар көлік инспекциясына 55 доллар төлейтіндігін және олар бұл төлемді заңдастырылған жемқорлық деп санайтындығын айтқан. Оның сыртында Қазақстан шекарасындағы кеден бекеттерінен өтуге рұқсат алу үшін 5 мөр керек екен. Сайып келгенде бұл кәсіпкерлікке кері әсер етеді. Бизнесті жүргізу жеңілдігі жөнінен Қазақстан әлемдік банктің «Дуин бизнес» рейтингінде ең соңғы 178 орында, дейді мониторинг авторлары.