Accessibility links

Иранның ядролық бағдарламасы Францияда талқыланады


Бүгін Парижде әлемнің алпауыт елдерінің жетекшілері Иранның ядролық бағдарламасы бойынша кездесу өткізеді. Қытай, Франция, Ресей, Құрама Штаттар, Британия мен Германия елдерінің өкілдерінің жиыны Еуропалық одақтың сыртқы саясат бойынша басшысы Хавьер Солана Лондондағы Иранның мәмілегері Саид Жалилимен өткен келіссөздер нәтижесіз деген соң болайын деп отыр. Британия, Франция және Құрама Штаттар БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Иранның уран байытуды тоқтатпай отырғанына байланысты қатаң шара қолданғанын, үшінші санкция қарастырған қарар қабылдағанын қолдайды. Ал екі ел Қытай мен Ресей оған қарсы болып отыр.
XS
SM
MD
LG