Accessibility links

Ресей коммунистері жексенбілік сайлаудың ресми нәтижесін сот арқылы даулайды


МӘСКЕУ: Ресей компартиясының лидері Г.Зюганов жексенбілік сайлаудың нәтижесін даулайтынын мәлімдеп, дауыстарды қарама-қатар есептеу жөнінде өзінің үзеңгілестеріне нұсқау берді. Г.Зюганов Орталық сайлау комиссиясына сенбейтінін атап көрсетіп, адвокаттарға Ресейдің Жоғарғы Сотына шағым дайындауға тапсырма берді. “Оңшыл күштердің одағы” партиясы да сайлаудың ресми нәтижесімен келіспейтінін мәлімдесе, Г.Явлинскийдің “Яблокосы” мен билікке жақын “Справедливая Россия” партиясы да талай заң бұзушылықтың болғанын атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG