Accessibility links

Иранның ядролық мәселесі бойынша мәмілегері Ресейге барады


Иранның ядролық мәселесі бойынша бас мәмілегері Саид Жалили келіссөздер жүргізу үшін бүгін Мәскеуге барады. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мохаммад Әли Хоссейни хабарлады. Оның айтуынша, Саид Жалили Ресейдің жоғары лауазымды ресмилерімен кездеспекші. Жұма күні Жалили Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы Хавиер Соланамен келіссөз өткізген болатын. Ол кездесуден нәтиже шықпады. Әлемнің алпауыт елдері Иранға жаңа санкциялар енгізуге шақырған қарарға қатысты жұмыс бастауға келісті.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG