Грузия үкіметі елдің бас прокуратурасынан тәуелсіз телеарнаға енгізілген тиымды алып тастауды сұрады. Бұл жөнінде президент міндетін атқарып отырған Нино Буржанадзе жариялады. 5-ші қаңтарда өтетін президент сайлауы қарсаңында осындай талапты Тбилисидің батыс одақтастары қойған болатын. Қазан айында президент Михаил Саакашвили елде төтенше жағдай тәртібін енгізген кезде, Имеди телеарнасының жұмысы тоқтатылған болатын.