Accessibility links

Бүгін Кабулда АҚШ-тың қорғаныс министрі мен ауған президенті кездеседі


КАБУЛ: Бүгін АҚШ-тың қорғаныс министрі Р.Гейтс Кабулда Ауғанстан президенті Х.Қарзаймен келіссөз өткізеді. Ол Кабулға кеше келіп тоқтаған болатын. Осы күні Р.Гейтс өткен 2-3 жылдың ішінде Ауғанстандағы қантөгістің ұлғая түскеніне алаңдайтынын жасырмады, бірақ Ауғанстан кейін шегінді деп ойламайтынын мәлімдеді. АҚШ-тың қорғаныс министрі, сонымен қатар, Ауғанстандағы АҚШ әскерінің қолбасшысымен және НАТО-ның басқаруына қарайтын халықаралық қауіпсіздік күштерінің басшылығымен кездесуге тиіс (ISAF).
XS
SM
MD
LG