ТҮРКІМЕНБАШЫ: Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов Каспийдің жағалауынан жалпы құны бірнеше млрд. доллар тұратын туристік курорт салу жобасының тұсауын кесті. Түркіменстанның Түркіменбашы қаласындағы инвестициялық форумда Г.Бердімұхаммедов осы жобаны іске асыруға бірнеше шетелдік компанияның 4 млрд. доллар инвестиция салатынын мәлімдеді. Жобада 60 қонақ үй, мейрамханалар, 3 мың орынды стадион, спорт алаңдары мен сауда орталықтарын тұрғызу жоспарланып отыр. Түркіменбашы қаласында Түркіменстандағы ең үлкен мұнай өңдеу зауыты орналасқан.