Accessibility links

Путин Ресей сайлауы заңды жолмен өтті деді


Ресей президенті Владимир Путин өз партиясының елдегі парламенттік сайлауларда басымдықпен жеңіске жетуі қоғамдық сенімнің заңды дауысы деп атады. Путиннің “Единая Россия” партиясы жексенбі күні өткен Дума сайлауында үлкен басымдықпен жеңіске жеткен. Дауыс берулердің нәтижесі ресейліктердің елдің қауіпті жолмен дамуына жол бермейтінін көрсетті деген Путин. Бірақ, Батыс елдері Ресейді парламенттік сайлаулардағы заңсыздықтарды тергеуге шақырып отырған тұста Еуропа Кеңесі мен ЕҚЫҰ-ның бақылаушылары бұл дауыс берулер әділетсіз болды деп сынап отыр.
XS
SM
MD
LG