Accessibility links

Қаңтар айында Дж.Буш Таяу Шығыс аймағына сапарға барады


ВАШИНГТОН: Ақ үйден хабарланғандай, АҚШ президенті Дж.Буш қаңтар айының басында Таяу Шығысқа сапар шегеді. Бірақ Ақ үйдің ресми өкілі Гордон Джондро Дж.Буштың Таяу Шығыстағы қай елге баратынын нақты айтпады. Өткен аптада Дж.Буш Мэриленд штатының Аннаполис қаласында Израиль премьер-министрі Э.Ольмерт пен Палестина автономиясының төрағасы М.Аббасты қонақ етіп, оның нәтижесінде Э.Ольмерт пен М.Аббас 2008-інші жылдың соңына қарай толық бітімге келу мақсатымен екі жақты келіссөзді қайта жалғастыруға келіскен болатын.
XS
SM
MD
LG