Accessibility links

АҚШ пен оның НАТО-дағы одақтастары ауған армиясын қаруландыруға асықпайды


КАБУЛ: Кеше Кабулда АҚШ-тың қорғаныс министрі Р.Гейтспен келіссөз өткізген Ауғанстан президенті Х.Қарзай елдің қауіпсіздігін өзінің қорғауына алу үшін Ауғанстанның қарулы күштеріне көп жаттығу мен мол қару-жарақ керек деп мәлімдеді. Х.Қарзай “Әл-Қаида” мен Талибан жасақтарына тойтарыс беру үшін АҚШ пен оның НАТО-дағы одақтастары Ауғанстанды соғыс ұшақтары мен тікұшақтармен қамтамасыз етуін жеделдетеді деп үміттенгенін жасырмады. Кабулда бірлесіп өткізген баспасөз-маслихатында Р.Гейтс НАТО-дағы одақтастыранын Ауғанстанға көмек беру жөніндегі міндеттемелерін орындауды талап етуге уәде берді.
XS
SM
MD
LG