Республикалық көп балалы аналардың «Ғибрат» атты қоғамдық ұйымында 7 жылдан бері ерікті ретінде жұмыс істеп келе жатқан көп балалы ана Марфия Ботабаева тұрмыс-тіршілігі төмен аналар мен балаларға олардың әлеуметтік проблемаларын шешілуіне ақысыз-пұлсыз, қол ұшын беріп келе жатқандардың бірі. Оның айтуынша, ерікті ретінде жұмыс істеуіне күйеуі мен балалары қолдау көрсетіп отыр екен.
«Күйеуім құрлысшы болып жұмыс істейді және қыздарым да табысы тәуір жұмыстар істейді. Ал өзім көмекке зәру адамдарға көмек көрсетуді жақсы көремін, оған уақытымды жұмсағаныма өкінбеймін», - дейді ол.
БҰҰ-ның Еріктілер Бағдарламасы бойынша Қазақстанда 10 айдан бері жұмыс істеп жүрген италяндық бойжеткен қыз Аделе дел Сорди өзі бұрын білмеген Қазақстан деген елді қазір жақсы көріп кеткенін, осы елде өткен уақыт ішінде аз да болса өмірлік тәжірибе жинақтап алғанын айтады.
Аделе дел Сорди күнделікті жұмыс барысында Қазақстандағы түрлі жоғары оқу орындарының студенттерімен, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, қоғамдағы түрлі проблемалар жайын талқылауға ерікті ретінде қалай қатысып жүргенімен бөлісті.
«Олармен сөйлескен кезде сол адамдардың ынта-жігері мен қызығушылықтарын көп байқадым, бұл адам бойындағы жақсы қасиеттің бірі болмақ», - дейді ол.
БҰҰ-ның Еріктілер Бағдарламасының Қазақстандағы үйлестірушісі Эенжин Батсүрэннің айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ның мүшесі ретінде еріктілерді қолдауға міндеттеме алған ел.
«Ал өзін еріктімін деп санайтын әрбір азамат қоғам үшін пайдалы жұмыс істеуге ұмытылады, оны ешкімде солай істе деп жұмсап, тапсырмайды. Бұл - адамның шын ниеті мен адал көңілінен туындайтын жақсы қасиет болмақ. Ал Қазақстанда осы уақытқа дейін қанша жергілікті еріктіліер барлығы туралы мәлімет дерек жинақталмағандықтан, шамалап айтқанда елде 100 мыңнан астам еріктілер бар деп айтуға болады», - дейді ол.
Ал осы уақыт ішінде БҰҰ-ның Еріктілер бағдарламасы бойынша Қазақстанға келіп жұмыс істеген шетелдік еріктілер саны 100-ге жетіпті.
Оған қатысқан БҰҰ-ның Еріктілер бағдарламасы бойынша Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетелдік және жергілікті еріктілер өздерінің қоғамдағы проблеманы шешуге ат салысып жатқандары қандай нәтижеге қол жеткізіп жатқандары жөнінде пікір алмасып, істеген жұмыстарының таныстыру кітапшалары мен газет-журналдарын жұртшылыққа ұсынып, көрмеге қойыпты.