МӘСКЕУ: Ресейдің әскери теңіз флоты әлемнің әр түкпірінде түрлі жаттығулар өткізеді. Кеше Ресейдің қорғаныс министрі А.Сердюков осылай деп мәлімдеді. Президент В.Путинмен кездесуі барысында А.Сердюков әскери теңіз күштерінің соғыс кемелері жаттығу өткізу үшін Жерорта теңізі мен Атлантика мұхитына аттанғанын хабарлады. Соғыс ұшақтары да қатысатын әскери жаттығулар 3-ақпанға дейін дерлік жалғасады. Одан бұрын ұзақ жылға жуық үзілістен кейін Ресейдің стратегиялық бомбалаушы ұшақтары Тынық, Атлантика, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттардың үстінен ұшуын қайта жалғасарды.