Алматылық Хельсинки комитеті қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нинель Фокинаның айтуынша, «Діни сенім-наным бостандығы туралы» заңы мен Қазақстан Конституциясында адам құқықтары сақталу керек деп жазылғанымен, іс жүзінде бұл құқықтар ұлттық қауіпсіздік сияқты саяси принциптерден кейін қалады.
«Жалпы, Конституция баптарын санасақ, 6 бап дінге берілуге рұқсат береді, бірақ 8 бап бұл құқыққа белгілі бір талаптар қояды. Қазақстан заңдарына сәйкес, адамдар белгілі бір дінге дербес сеніп, өз үйінде көрпе астында библия оқуға ғана құқы бар, ал бірнеше адаммен қосылып дінге берілсе бұл заңға қайшы болып табылады», - дейді Алматылық Хельсинки комитеті қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нинель Фокина.
Фокинаның айтуынша, Қазақстан заңдарының талаптары бойынша діни ағымдар тіркелу керек.
«Тек 2006 жылы дін саласындағы адамдарға қарсы 178 әкімшілік іс қозғалды, белгілі бір себеппен заңды тұлға болудан бас тартқан адамға айып салу дұрыс емес», - дейді Фокина.
Алайда Әділет министрлігінің діни істер жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Аманбек Мұхашов бұл айтқанмен келіспейді. Оның айтуынша егерде заң бойынша заңды тұлға болып мөр алғылары келмесе онда аз құжатпен болса да тіркелу керек.
«Бұл тіркелуде діни ағым басшысының аты-жөні, бірлестіктегі адам саны және мекен-жайы ғана талап етіледі. Өйткені, кейбір азаматтардан көрші үйде әр сенбі сайын танымайтын адамдар жиналып жатыр деген шағымдар түскен. Қазақстанның әкімшілік кодексіндегі 375 бап бойынша, егерде діни бірлестік тіркелмесе, онда айыппұл төлеу керек», - дейді Әділет министрлігінің өкілі.
Мұхашовтың айтуынша, Қазақстанда тіпті дәстүрлі ислам дінінде пайда болған кейбір ағымдар тіркелуден бас тартқысы келеді. Астана қаласының бас имамы Қалижан Байырбекұлы әр елдің өз ерекшеліктері болатындықтан, дін саласында халықаралық заң талаптарына сай болу міндет емес деп есептейді:
- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі парламентке хат жазды, Діни сенім-наным бостандығы жөніндегі заңды өзгерту жөнінде. Неге әлемдік стандартқа сай болу керек? Елдің ерекшеліктеріне қарау керек. Қазір Қазақстанда 70 пайыз мұсылмандар, қай дін салтанат құру керек? Мүфти хатта көрсетті: «ислам және православие діні салтанат құрса, қалған көлденең көк аттыларға шектеу қойылса» деп.
Әділет министрлігінің діни істер жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Аманбек Мұхашовтың айтуынша, Қазақстанда барлығы 4000 діни бірлестік тіркелген.
«Кейбіреулердің айтуынша бұл өте көп. Ал тіркелмеген тағы 177 діни ағым бар», дейді ол.