Accessibility links

“Қазақгейт” ісінде есімі аталатын Н.Балғымбаев – Н.Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды


АСТАНА: Кеше Қазақстан президентінің баспасөз-қызметі хабарлағандай, мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Балғымбаев президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. 60 жастағы Н.Балғымбаев – 1994-1997-нші жылдары мұнай және газ өнеркәсібі министрі, “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясының президенті, 1997-нші жылдан 1999-ыншы жылдың қазан айына дейін Қазақстанның премьер-министрі, 2002-нші жылдың ақпанына дейін тағы да “Қазақойл” компаниясының президенті болды. Осы күні Нью-Йорк сотында қаралып жатқан атышулы “Қазақгейт” ісінде ең басты айыпталушы Джеймс Гиффеннен “пара алушы” ретінде Н.Балғымбаевтың есімі аталады.
XS
SM
MD
LG