Accessibility links

Орталық Барлау Агенттігі лаңкестікке қатысы бар деп күдіктелгендердің сұраққа алынған кезі жазылған бейнетаспаларды жойған


АҚШ-тың Орталық Барлау Агенттігі лаңкестікке қатысы бар деп күдіктелген екі адамның сұраққа алынған кезі жазылған бейнетаспаларды жойғанын мойындады. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Орталық Барлау Агенттігінің директоры Майкл Хайден өз қызметкерлеріне жазған хатында әлгі бейнетаспалар тұтқындау және сұраққа алу жөніндегі құпия бағдарламаның шеңберінде 2002 жылы жасалған ал 2005 жылы олар жойылды деген. Бұл әрекет АҚШ тергеушілерінің келбеті анықталмау үшін жасалған тұғын деп түсіндіріпті Хайден. Алайда “Нью-Йорк Таймс” басылымы ол таспаларда күдіктілердің қатаң түрде сұраққа алынғаны көрсетілгендіктен оларды Барлау агенттігі жойған деп хабарлайды.
XS
SM
MD
LG