Accessibility links

Қазақстан президенті Қашаған мұнай кенорнына қатысты даулы мәселенің шешу жолдарын ұсынды


Қазақстан үкіметі мен Қашаған мұнай кенорнындағы инвесторлар арасындағы келіспеушілік мәселесі шешіледі, ол үшін инвесторлар шығынды өтеп береді немесе мемлекет жобадағы құнды қағаздар үлесін ұлғайтады. Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев журналистердің сұрақтарына жауап берген кезде хабарлады. Назарбаевтың айтуынша, Қашағанға қатысты шетелдік инвесторлармен келісім-шарт бұзылмайды. Бұл даулы мәселе биыл жазда италияндық «Eni» компаниясы Қашағаннан мұнай өндіру мерзімін 2010 жылға дейін шегергеннен кейін басталған болатын. Жергілікті “Қазмұнайгаз” ұлттық компаниясы аталған жобада 8 пайыздан көбірек үлеске ие.
XS
SM
MD
LG