Accessibility links

Лиссабонда Евродақ-Африка саммиті ашылды


Оған аталған екі тараптан 80-ге жуық жетекші қатысуда. Бұл жеті жылдың ішінде бірінші рет, ал жалпы екінші рет шақырылып отырған жоғары дәрежелі бас қосу. Күн тәртібіне көптеген маңызды мәселелер, жергілікті ұтымды басқарудан бастап, ғаламдық ауа райының өзгеруіне дейінгі мәселелер шығарылған. Дегенмен де саммиттің маңызына бір ғана мәселе көлеңке түсіруі мүмкін, ол осы жиынға Зимбабве президенті Роберт Мугабенің қатысуы. Британия премьер-министрі Гордон Браун Зимбабве басшылары адам хұқтарын аяққа таптауда деп айыптап, саммитке бойкот жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG