Ирақтың Байжи қаласында полиция ғимараты жанында бомба жасырылған көлігін жарған жанкештінің әрекетінен 6 адам қаза тауып, 13 кісі түрлі жарақат алды. Хабарларға қарағанда, бірнеше полиция қызметкерімен қатар бір бейбіт тұрғын құрбан болған. Байжи Бағдадтан 250 шақырым қашықтықта орналасқан мұнай өңделетін ең үлкен қала. Бұдан бір күн бұрын Диуала провинциясында жанкештілік шабуылда 26 адам құрбан болған еді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Желтоқсанға саяси баға беру, қуғын-сүргін ұйымдастырғандарды жауапқа тарту талабы неге аяқсыз қалды?
AzattyqTV