Accessibility links

АҚШ мемлекеттік департаменті Әзірбайжанда «Азаттық» радиосының тілшісі түрмеге отырғызылғанына өкініш білдірді


Мемлекеттік департамент мұның өзі сөз бостандығына қауіп төнгендігінің белгісі деп атап көрсетіп, Әзірбайжан билігінің журналисті түрмеге жапқанына қатты алаңдаушылық танытқан. «Азаттық» радиосының Әзірбайжан редакциясының тілшісі Илгар Насибов президент Илхам Әлиевке электронды пошта арқылы полицияның журналистерге қатысты қимыл-әрекеттерін айыптаған хат жолдағаннан кейін, моралдық нұқсан келтірді деген айыппен 90 күнге түрмеге жабылған. Насибовтың әйелі - ол да «Азаттық» радиосының тілшісі - Малахат Насибованы да жұма күні İшкі істер министрлігі Нахичеван аймағында қамауға алған.
XS
SM
MD
LG