Accessibility links

Британия премьер-министрі Ираққа келді


Британия премьер-министрі Гордон Браун күтпеген жағдайда Ирақтың оңтүстігіне келіп, жақын арада Ирақ күштерінің Британия бақылауындағы соңғы аймақты өз жауапкершілігіне алатынын растады. Британия осы айдың аяғында Басра өлкесіне қатысты жауапкершілікті Ирақ күштеріне тапсыруды жоспарлап отыр. Британия әскерилері жергілікті күштерді қолдау мақсатында және оларды жаттықтыру үшін Ирақта одан әрі қала береді. Ал көктемге қарай ағылшын әскерлерінің саны 4500-ден 2500-ге дейін қысқартылмақ.
XS
SM
MD
LG