Accessibility links

Германияның әскери жабдығы мен әскерилері Ауғанстанға Қазақстан арқылы өтеді


АСТАНА: Бүгін Қазақстан Парламенті Сенатының пленарлық мәжілісінде “Ауғанстанды тұрақтандыру мен қалпына келтіру ісіне Германия қарулы күштерінің қатысуына байланысты Қазақстан жерінен әскери жабдықтар мен әскерилерді өткізу жөніндегі Қазақстан үкіметі мен Германия үкіметі арасындағы Келісімді бекіту туралы” заңды мақұлдады. 2007-нші жылдың 1-інші ақпанында Берлинде қол қойылған осы Келісімге сәйкес, әскери жабдық пен әскерилер Қазақстан жерінен темір жол және әуе кеңістігі арқылы өтеді. Бұл заңға енді Қазақстан президенті қол қоюға тиіс.
XS
SM
MD
LG