Accessibility links

Грузиядағы тәуелсіз “Имеди” телеарнасы қайтадан эфирге шығады


ТБИЛИСИ: Грузиядағы тәуелсіз “Имеди” телекомпаниясы осы сәрсенбі күні қайтадан хабар бере бастайды. Бүгін Тбилисиде телеарнаның президенті Бидзина Бараташвили осылай деп мәлімдеді. “Имеди” телеарнасы - саяси оппозицияның жаппай ереуілі күштеп қуып таратылған 7-нші қараша күні ресми билік тарапынан талан-таражға салынып, жабылған болатын. Телекомпанияның құрылтайшысы, белгілі кәсіпкер Б.Патаркацишвили 5-інші қаңтарда өтетін президент сайлауына үміткер болып түспекші.
XS
SM
MD
LG