Accessibility links

Алжир астанасындағы 2 жарылыс кемінде 62 адамның өмірін қиды


АЛЖИР: Бүгін Алжирдің астанасындағы бомба орнатылған 2 автокөліктің жарылысынан кемінде 62 адам қаза болып, тағы талай кісі жараланды. Алжирдің ішкі істер министрлігі хабарлағандай, бірінші жарылыс мектеп автобусының жолындағы Жоғарғы соттың жанында, ал екінші жарылыс – босқындардың істері бойынша БҰҰ-ының комитеті өкілдігінің кеңсесі орналасқан ауданда болды. Екі қастандықтың кемінде бірін жанпидашыл-террорист іске асырды. БҰҰ-ының Женевадағы өкілі Ұлттар Ұйымының 12 қызметкері жұмыс орнында болмағанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG