Қырғыз соты оппозициялық Социал-Демократиялық партиясы қайтадан басып шығарылған сайлау бюллетендеріне кеткен шығынды төлеу үшін Орталық Сайлау Комиссиясына шамамен 590 мың АҚШ долларын беруі тиіс деп шешті. Осы айдың басында аталған партияның мүшесі Еділ Байсалов Интернеттегі өз парақшасында 16-шы желтоқсанда өтетін парламент сайлауына арналған бюллетеннің суретін шығарған болатын. Орталық Сайлау комиссиясы қазіргі барлық бюллетендердің күшін жойып, оның жаңа нұсқасын шығаруға бұйрық берген еді. Социал-Демократиялық партиясы енді соттың шешіміне шағымданбақшы.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Тіл және жазу мәселесі
Түркі елдері ортақ латын әліпбиін енгізбек, бірақ оған Қырғызстан әлі дайын емес. Неге?
-
Азаттық зерттеуі | 4-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: әкімдер