Бүгін Португалия астанасы Лиссабонда Еуропа Одағының басшылары кездесіп, одақтың басқарушы мекемелерін реформалау жөніндегі жаңа келісімге қол қояды деп күтілуде. Реформа туралы келісім осыдан екі жыл бұрын Франция мен Голландия сайлаушылары қабылдамаған конституцияның орнын баспақ. Аталған келісімге қол қою рәсімі қарсаңында Германия канцлері Ангела Меркель бұл қадамды Еуропа үшін “тарихи сәттілік” деп бағалады. Жаңа келісімді одаққа мүше 27 елдің бәрі мақұлдаса ол 2009 жылы өз күшіне енетін болады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?