Accessibility links

Беларусте 19-жасар оппозиция белсендісі полиция тарапынан соққыға жығылды


Беларусте 19-жасар оппозиция белсендісі полиция тарапынан соққыға жығылған соң ауруханаға жеткізілген. Куәгерлердің айтуынша, желтоқсанның 12-де “Жастар майданы” лидері Змицер Федарук бейбіт наразылық акциясын өткізіп жатқан кезінде оны полиция қызметкерлері аяусыз ұрып-соққан. Федарук Беларус пен Ресей арасында саяси одақ құру мүмкіндігіне қатысты келіссөз өткізу үшін Минскіге келе жатқан президент Владимир Путиннің сапарына наразылық танытқан болатын.
XS
SM
MD
LG