Accessibility links

НАТО-ның мүшелері Ауғанстандағы ахуалға байланысты бір-бірін айыптауда


ЭДИНБУРГ: Шотландияның Эдинбург қаласында НАТО елдерінің қорғаныс министрлері тәліптер қайта бас көтерген Ауғанстандағы ахуалды талқылау үстінде. Пентагонның қожайыны Р.Гейтс, оның сөзі бойынша, Ауғанстанға қосымша армия бөлімдерін бағыттаймын деген уәдесін орындамаған НАТО құрамындағы одақтастарын өткір сынға алды. Тәліптерге қарсы соғысқа, негізінен, АҚШ пен Ұлыбритания және Голландия әскерлері қатысады. Ағылшын қорғаныс министрі Г.Браун Ауғанстандағы бар проблеманы тек күшпен шешуге болмайтынын атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG