Accessibility links

Ауаға шашылатын улы газды қысқартуға АҚШ тағы да қарсы


БАЛИ (ИНДОНЕЗИЯ): Ауа райының құбылуы проблемасына арналған БҰҰ-ы конференциясының аяқталуына санаулы сағат қалды, бірақ әлі де пікірталас туғызған мәселелердің шешімі табылған жоқ. Еуропа Одағы қорытынды Қаулыға 2020-сыншы жылға қарай дамыған елдерге ауаға шашатын улы газды 25-40 пайызға дейін қысқартуды жүктейтін нақты міндеттердің енгізілген талап етуде. Ал АҚШ пен Ресей және Жапония мен тағы бірқатар ел оған қарсы. Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан бұл форум 2011-інші жылы күшін жоятын “Киото хаттамасының” орнына балама құжат қабылдауды көздейді. Кезінде АҚШ бұл хаттамаға да қол қоймаған болатын.
XS
SM
MD
LG