БРЮССЕЛЬ: Бүгін Брюссельде Косово проблемасын талдауға кіріскен Еуроодақ басшылары осы өлкенің Сербиядан тәуелсіздігін жариялауына деген ортақ ұйғарымға келуге міндеттенді. Неміс канцлері А.Меркельдің журналистерге хабарлағанындай, Брюссельдегі кездесудің барысында лидерлер Косовоға ортақ сыни көзқараспен келуге уағдаласты. Брюссельде халықаралық дәнекерлердің қатысуымен Сербия мен Косово арасындағы келіссөздің уақыты өткен соң, өлкенің тәуелсіздік жариялауын қалай қабылдау керек деген мәселе талданады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?