Accessibility links

НАТО-ның Бас хатшысы Ауғанстандағы соғысқа жапондарды да араластырмақшы


ТОКИО: НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер мәлімдегендей, Ауғанстандағы ахуалдың біршама түзелген нышаны байқалады, бірақ НАТО әскері бұл елден таяу болашақта шығарылмайды. НАТО-ның Бас хатшысы бұл сөзін бүгін Токиода Ауғанстандағы коалиция күштерін қолдау мәселесі бойынша жапон басшыларымен өткізген келіссөзінде айтты. Соңғы кезге дейін Жапония Ауғанстандағы соғыс операциясын Үнді мұхитындағы әскери теңіз күштерімен қолдап келген болатын. Осы миссияның кеңейтілуіне Күншығыс елінің саяси оппозициясы қарсы шықты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG