Accessibility links

Қазақстан тәуелсіздігіне 16-жыл толуына байланысты қазақ диссиденті Кәрішал Асан-Ата ой-пікірін білдіреді


- Міне, тәуелсіздіктің 16-шы жылы келді. Осы жылға біз қандай табыспен келдік? Адам құқығы деген бірінші орында тұратын мәселе бар, сол орындалып жатыр ма? Жоқ. Халықтың жағдайы жақсарды ма? Жоқ. Сол баяғы қалып – бір қалып, қара халықтың жағдайы қиын. Ал жоғарыдағылардың тірлігіне келсек, совет дәуірінде номенклатура дегеннің өзі бақылауда тұратын. Ал қазір ешқандай бақылау жоқ, кім не жасағысы келсе соны жасайды. Соған байланысты қоғамда әлеуметтік жағдай бұзылып кетті. Ал, әлеуметтік жағдай бұзылғанына байланысты халықтың психологиясы да өзгерді: ешқандай айтқан сөзге сенбейді, бәрі ақшамен есептелетін болғандықтан, кімнің ақшасы көп болса сол ақылды, данышпан боп саналады. Сондықтан, барлық шенеуніктердің істеп жүрген кәсібі - ешқандай моральға сиыспайтын олардың тіршілігін ешкім құптамайтын шығар деп ойлаймын.

Жағдай түзелуі үшін мына жүйе түзелуі керек, ал жүйе түзелуі үшін жоғарыда отырған шенеуніктер өзгеруі керек. Президент бір орыннан алады да, екінші орынға қояды, оны істей алмаса үшінші орынға апарады, ақыр соңында, әлгі адам қайтадан айналып бірінші орынға кеп отырады. Бұлардың ісінде ешқандай мазмұн жоқ: қуыршақ үкіметтің тіршілігі сол қуыршақтық жағдайда қалып қояды. Осындай жағдайда керемет, халықтың өмірін жақсартатын келешек құрамыз дегені - елді алдау деп түсінем мен. Ал бұның бәрін өзгерту үшін президенттің өзін өзгерту керек. Бізде президент ешнәрсеге жауап бермейтін адам сияқты – не істегісі келсе соны істейді, бірақ ешнәрсеге жауап бермейді – бұл қалай? Сондықтан, бұл үкіметтік жүйені қайта құру керек, қайта құрмай ештеңе өзгермейді. 16 жылдан бері түйіндеп келгенде менің ұққаным осы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG