ТЕҺРАН-ДЖИДДА: Бүгін Иран президенті М.Ахмадинеджад қажылықтан өту үшінг Сауд Арабиясының Джидда қаласына қарай ұшып шықты. Теһран әуе жайынан ұшары алдында Ахмадинеджад Құран-кәрімді сүйіп, оның бір шумағын оқыды. Иран президенті, сонымен қатар, Саудия басшылығымен де кездесетінін хабарлады. М.Ахмадинеджад сапарға Саудия патшасы Абдулланың шақыруымен бара жатыр. Ұзақ уақыттан бері Иран мен Сауд Арабиясының арасы салқын болып келді.