Accessibility links

Сербтер Косовода наразылық акциясын өткізбекші


Бүгін сербтер Косовоның солтүстігіндегі Митровица қаласында наразылық акциясын өткізбекші. Желтоқсанның 19-ы күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Косовоның мәртебесіне байланысты даулы мәселе қаралады деп күтілуде. Нақтырақ айтқанда Қауіпсіздік Кеңесі Косовоға қатысты ара ағайыншы елдердің баяндамасын талқылайды. Ол баяндамада 4 айға жалғасқан келісөздерде ресми Приштина мен Белград бір ымыраға келмеді делінген. Халқының басып бөлігін этникалық албандар құрайтын Косово Сербияның қарсылықтарына қарамастан өз тәуелсіздігін жариялайды деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG