Accessibility links

Түрік әскерлері Ирақтың солтүстігіне кірді


Сепаратистік күрд көтерілісшілерін шекарадан қуу мақсатында бір топ түрік сарбазы Ирақтың солтүстігіне кірді. Күрд қауіпсіздік күштерінің баспасөз-хатшысы Жаббар Яуардың мәлімдеуінше, түрік жауынгерлері елсіз аймақта орналасқан және олардың саны белгісіз. Алайда Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шамамен 300 түрік әскері шекараның жанындағы Гали Раш ауданына шоғырландырылған. Ирақ ресмилерінің айтуынша, демалыс күндері Түркия әскери ұшақтары Ирақтың солтүстік аймақтарын бомбылаған, оның салдарынан кемінде бір қарапайым әйел құрбан болған.
XS
SM
MD
LG