Accessibility links

Сеулдың бұрынғы әкімі Оңтүстік Кореяның жаңа президенті болып сайланды


СЕУЛ: Оңтүстік Кореяның оппозициядағы консервативтік партиясынан сайланған жаңа президенті Солтүстік Кореямен арада қатал саясат жүргізетінін мәлімдеді. Ли Мен Пак ресми Пхеньянды ядролық бағдарламасынан бас тартқызу үшін оған қысым көрсетуге сөз берді және Солтүстік Кореяның алдында адам құқын қорғауды мәселе етіп көтермекші. Бұл сөздерін Ли Мен Пак бүгін өзінің жеңісіне күмән қалмаған соң Сеулде өткізген баспасөз-маслихатында айтты. Сайлаудың ақырғы нәтижесіне қарағанда ол билік басындағы Либералдық партияның үміткерінен үлкен айырмашылықпен озып, 49 пайыздай дауыс алды.
XS
SM
MD
LG