Accessibility links

АҚШ Қазақстанда демократиялық өзгерістердің жүзеге асқанын қалайды


«Біз Қазақстанда саяси реформалардың және демократиялық үдерістердің көбірек ілгерілегенін көргіміз келеді». Желтоқсанның 19 күні Астанада АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джон Ордвей Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның төрағалық етуіне қатысты қойылған сұраққа жауап бере келе осындай мәлімдеме жасады.

Баспасөз мәжілісінде АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джон Ордвей Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне қатысты АҚШ көзқарасының өзгерісі мұнайға байланысты емес пе деген сұраққа былайша жауап берді: «Қуат мұнымен байланысты емес. Мен сіздердің АҚШ-тың ресми тұлғасынан шынымен Қазақстанның ұйымға төрағалық етуіне қарсы екендігін естіді деп ойламаймын. Ал, шындық мынада. Әлбетте, бізде Қазақстанның ұйымға төраға болу мүмкіндігінен шынайы төраға болу үшін жүзеге асырылсын деген мығым ұсыныстарымыз болған», деді елші Ордвей.

Ал жуырда Қазақстанда болған веб-сайттардың жабылуына қатысты көзқарасыңыз қандай деген сұраққа елші Ордвей бұл Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының стандарттарына қайшы деп жауап берді. Екінші сұрақта әлемдік ұйымдардың біріне қатысты болды. Мысалы, Әлемдік сауда ұйымына кірудегі келіссөздерде генетикалық модификациядан өткен өнім бойынша Қазақстан сұрақтары шешілмеген. Осындай өнімді ең көп шығаратын АҚШ зиянды екендігі дәлелденбеген өнімді саудаға салуға болады деп шешкен. Елші Ордвейдің айтуынша АҚШ Қазақстанның әлемдік сауда ұйымына кіруіне қарсы емес.

«Бірақ, келіссөздерде генетикалық модификациядан өткен өнімге Қазақстан базарын ашуға мүдделі екендігіміз рас», - деді ол.

Бұған дейін, АҚШ Қазақстанның әлемдік сауда ұйымына кіруіне ықпал жасауы мүмкін екендігін білдірген. Бірақ, ол үшін мыңдаған заңнамалық актілер өзгерістерге ұшырауы тиіс, делінген. Бұл әсіресе Қазақстан үшін тиімді, дейді Батыс сарапшылары. Өйткені, ол Орталық Азиядағы мұнай экспорты көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатарда келеді. Бірақ, бұл саладада өзгерістер болды. Еске салсақ, осы жылы қыркүйек айында Қазақстан парламенті мәжілісінің отырысында хабарланғандай «Жер қойнуын пайдалану туралы» заңға өзгеріс енгізілді. Онда айтылғандай енді жер қойнауын пайдаланушылармен жасалатын келісімшарттарды бұзу негіздері кеңейтілді. Елші Ордвейдің айтуынша бұл толықтырулар енді заң боп күшіне енді.

«Бірақ, Қазақстанның бұл заңды бұрыңғы контрактілерді бұзуға қолданбаса екен дейміз», - деді АҚШ елшісі.
XS
SM
MD
LG