Accessibility links

Бүгін түнгі 12-ден бастап, Шенген аумағына кіретін мемлекеттер саны 24-ке жетті


Европа Одағына мүше тағы 9 елдің “Шенген аумағына” қосылу салтанаты Словакия мен Австриядан басталды. Кеше словак премьер-министрі Роберт Фико мен Австрия канцлері Альфред Гузенбауэр салтанатты түрде шекарадағы ағаш шлагбаумды арамен кесті. Бейсенбіден жұмаға қараған түн ортасында Чехия, Словакия, Польша, Мажарстан, Балтық теңізінің жағалауындағы 3 республика мен Мальтаның Еуроодақтың өзге елдерімен арадағы шекаралық бақылауы енді өткен күннің белгісі - тарихқа айналды. Ұлыбритания мен Ирландия “Шенген аумағына” кірмейді.
XS
SM
MD
LG