Accessibility links

Еуропа Одағының “Шенген аумағына” 9 ел қосылды


Бүгін Еуропа Одағының “Шенген аумағына” 9 ел қосылды, олардың көбі бұрынғы коммунистік мемлекеттер болған. “Шенген аумағында” адамдар бір елден екінші елге төлқұжаттарын көрсетпестен өте береді, яғни шекаралық бақылау болмайды. Сөйтіп бұл аумаққа Эстония, Латвия, Литва, Чех республикасы, Мажарстан, Мальта, Польша, Словакия және Словения мемлекеттері қосылды. Сонымен “Шенген аумағына” кіретін елдер саны енді 24-ке жетіп отыр.
XS
SM
MD
LG