БРЮССЕЛЬ-ЕРЕВАН: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Армениядағы баспасөз бостандығының ахуалына алаңдап отыр. Аталған Еуропалық ұйымның сөз бостандығы бойынша өкілі Миклош Харасти мәлімдегендей, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы армян үкіметінің тәуелсіз “Гала” телеарнасына көрсетіп отырған қысымына алаңдайды. Арменияның сыртқы істер министрі Вартан Осканянға жолдаған хатында М.Харасти, сонымен қатар, Еревандағы оппозициялық газеттің редакциясы жанында таяуда болған жарылысқа да наразылық білдірді.