Accessibility links

Зейнеткер, қарт журналист Мадат Аққозин Қазақстандағы ресми мәлімет-деректердегі көрсеткіштерден күнделікті өмір шындығы алшақ екендігі жайында


- Қазіргі үкіметтің экономика даму үстінде, ішкі жалпы өнім өсіп жатыр, инфляция жоқ, банк жүйесінде барлығы жақсы деп айтып жатқаны, тұрмыстық деңгеймен алғанда, шындықтан ауылы алыс. Мәселен, 1 литр сүттің бағасы 100 теңгеден асып кетті, ал бағасын 60 теңгеге тұрақтандырдық деген нанның өзі бұрынғыдай емес. Мен әдейі бір-екі рет сауда орнында сатып алған нанның бағасын өлшеттім. Сонда 750 грамм болуы тиіс зауыттан шыққан нан салмағы 600 грамға де жетпеді – 580-590 грамм шамасында болды. Баға қымбаттап, инфляция өсіп жатыр, ал зейнетақы болса сол қалпында. ТМД елдерінің, соның ішінде Ресейден, тіпті Шығыс Еуропаның кейбір елдерінен бізде жалақы, зейнетақы жоғары, тұрмыс деңгейі ле жақсарды деп ылғи айтады біздің үкімет. Қайдан жоғары болады?! Ресей мысалы, өз азаматтарына зейнетақы мөлшерін екі рет көбейтті биыл. Ал бізде инфляцияның қарқынын есепке алғанда, зейнетақының өскен түгі жоқ. Ендігі жылы бірдеңе қосамыз дейді, ал не қосатыны тағы белгісіз. Көп жағдайда біз қазір Ресейден артта қалып келеміз және де теңелетін түріміз жоқ.

Біз коррупцияға батқан үлкен жүйе құрып жасадық. Біздің президент ТМД елдері арасында біз коррупциямен күресетін заң қабылдадық дегенді айтады. Ал бірінші коррупционер-рэкетир қайдан шығып жатыр? Мұндай жүйеден құтылмай бізде ештеңе жақсармайды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG