Accessibility links

Шымкент қаласында тұратын зейнеткер Әзімхан Ыбырайұлы ауыл шаруашылығының қазіргі жай-күйі жайында


- Ауылға баса көңіл бөлінсе деген тілек айтқым келеді. Ауылдағы мәдениет ошақтарын, жер учаскелерін, пай үлестерін кезінде әркімге бөліп беру үлкен кемшілік болды деп санаймын. Жақсы нәрселердің барлығын негізінен бұрынғы директорлар, бас мамандар өздері басып қалды. Қазір енді міне кластер дегенді - мақта кластері дейді, астықты сатып алу мәселелері дейді – сондайлардың барлығын айтады, бірақ атқарылып жатқан ештеңе жоқ. Мысалы, ауыл шаруашылығында жүн, ет алатын жер жоқ. Менің шағын фермам бар, сондағы малымның ет-жүнін ешқайда тапсырма алмаймын. Содан кейін мына әртүрлі ауруларға байланысты мал дәрігерлік жәрдем қызметінің деңгейі де көңілден шықпайды. Мал ектіру секілді жұмыстарды әлгілердің соңынан қуалап жүріп, айғай-ұйғаймен зорға істетеміз. Сөз жүзінде ондай жұмыстардың барлығы тегін жасалатыны жайлы айтылғанымен, іс жүзіне келгенде, сол мал дәрігерлері өздеріне мардымды айлық берілмейтінін алға тартып, істегісі келмейді. Үкімет енді осы мәселелердің барлығын қадағалап, айтылған нәрселерді істетуді қолға алмаса құр әңгімеден ештеңе өніп отырған жоқ.

Көп мәселелерді күн тәртібіне қойып, жеңілдіктер беру, субсидия бөлу туралы «бұл – елбасының тапсырмасы» деп, «ауыл жылы» дегенді жариялап соңғы жылдары бірталай нәрселерді айтып келді ғой. Бірақ жергілікті жерлерде осылардың белгілері білініп жатқан жоқ. Былтыр медициналық жас мамандарды ауылға жібереміз, оларға үй беріп жағдайларын жасаймыз деген сөздер айтылды. Соның барлығы тек қағаз, сөз жүзінде ғана қалып бара жатқан сияқты. Сол айтылғандардың бәрін жүзеге асыру керек. Мал бағып өскен қазақтың менталитеті, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі үшін ерекше орны бар ауылдың алдағы тағдыры қалай болады деген сауал мені үнемі толғандырады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG