ТБИЛИСИ: Грузияның әскери полициясы ресейлік бітім күштерінің 3 жауынгерін тұтқынға алды. Грузин жағының мәліметі бойынша, бітімгерлер Ингури өзенінің бойындағы қауіпсіздік аумағын өз бетінше кесіп өтіп, өткен түнде Поти қаласына жеткен жерінде ұсталды. Үшеуі де грузин-абхаз жанжалы аумағындағы бітімгерлік батальонында қызмет еткен. Қазір олар Сенаки қаласындағы әскери полицияда. Ресей жағы ол жауынгерлермен арадағы келісім-шарттың мерзімдері аяқталып, Ресейге жөнелтілгенін және олардың қалайша Поти қаласына тап болғанын тергейтінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
"Құтқарушы ақ адам". Орыс қалай қазақты құтқарушыға айналды?