Жаңадан сайланған Ресей парламенті бүгін алғашқы отырысын өткізді. Желтоқсанның 2-де өткен сайлауларда президент Владимир Путин жетекшілігіндегі “Единая Россия” партиясы Мемлекеттік Думадағы 450 орынның 315-ін иемденген болатын. Сонымен қатар, Путин келесі жылдың наурыз айындағы президент сайлауына үміткер ретінде ұсынылған Дмитрий Медведевті қолдап отыр. Ал Медведев болса егер президент болып сайлансам, Путиннің премьер-министр болуын қалар едім деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Ескертусіз, қасақана оқ ату"
"Бәрінің өмір сүру құқығы бұзылды". Қаңтар оқиғасын зерттеген құқық қорғаушылардың есебі
AzattyqTV