Accessibility links

ЕҚЫҰ Өзбекстандағы сайлау демократиялық стандарттарға сай келмеді дейді


Өзбекстанда жексенбі күні өткен президент сайлауының ресми қорытындысы бүгін жарияланады. Президент Ислам Каримов жеңіске жетіп, тағы 7 жылға сайланады деп күтілуде. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының айтуынша, сайлау демократиялық стандарттарға сай келмеген. Сайлауда Каримовпен бақталасқан үш үміткер де “демократиялық сайлаулар болды” деу үшін ғана жарысқа түскен, дейді сарапшылар. Қуғында жүрген оппозиция мүшелері де сайлау әділ болмады деп сынады. 2000-жылғы сайлауда Каримов 92 пайыз дауысқа ие болған-тұғын.
XS
SM
MD
LG