Accessibility links

Қазақстан Қашаған мұнай кенорны бойынша жобадағы үлесін көбейтуді көздейді


Қазақстанның энергетика министрі Сауат Мынбаев елдің “Қазмұнайгаз” ұлттық компаниясы Қашаған мұнай кенорны бойынша жобадағы үлесін көбейтуді көздейді деп мәлімдеді. Бүгінде “Қазмұнайгаз” аталған жобада 8 пайыздан сәл көбірек үлеске ие. Қазақстан үкіметі италияндық «Eni» компаниясы жетекшілік ететін халықаралық консорциумның Қашаған мұнай кен орнын игеруін уақытша тоқтатқан болатын. Мынбаевтың айтуынша, “Қазмұнайгаздың” Қашағандағы үлесін 16 пайызға көбейту мақсатында келіссөздер жалғасып жатыр. Хабарларға қарағанда, Қазақстан үкіметі “Exxon” компаниясын Қашағанға қатысты келіссөздерді кешеуілдетуде деп айыптаған.
XS
SM
MD
LG