Полиция мәліметінше, «Астана Дониел Хайвил» еншілес мердігер кәсіпорнының бас директоры болып істеген Оңтүстік Корея елінің азаматы 22 желтоқсан күні кешкі сағат жетіде көп ақшамен үйінен кеткен соң із-түссіз жоғалып кеткен. Ал 26-күні Астана маңындағы Заречный елді мекенінің сыртында оның мүрдесі табылды. Астананың ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары Марат Демеуов бұл қасақана адам өлтіру қылмысы болғанын айтып, қазіргі уақытта күдіктілер кінәсін мойындады деп хабарлады.
«Олар жәбірленушіден ақшаны алған соң балық аулайтын лескамен сәл буындырған, сосын көмуге апарған соң тағы үш рет пышақ салған. Іле-шала ұялы телефонын сөндіріп, телефонды, ақшаны, ноутбукті алып кеткен», - деді Марат Демеуов.
Полицияның берген мәліметінше, бастапқы кезде жәбірленушінің қалтасында 9 жарым миллион теңгенің болуы бұл оқиғада қылмыстық әрекеттің ізі барын аңғартыпты. Жәбірленуші ақшаны валютаға ауыстырмақ болған. Бастығының жоғалғанын полицияға айтқан 31 жасар «Р» есімді аудармашы марқұмды соңғы рет көрген адам болып шықты. Ол бастығының із-түссіз жоғалып кеткеніне таң қалып, іздестіруге көмек көрсетпек болған. Бірақ, басшысын соңғы рет көргендіктен ең бірінші күдікке соның өзі ілікті, дейді полиция басшылығы. Аудармашы өзіне алиби ойлап тапқан екен.
«Бірақ, тергеу барысында күдікті ойынан жаңылып, шатасып, логикаға жатпайтын қате жауаптар айтты, кейін ол өз кінәсін мойындап мәлімет бере бастады. Нәтижесінде, күдіктілер төртеу болып шықты. Үшеуі Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары, біреуі Астана тұрғыны. Астананың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің айтуынша, күдіктілердің үшеуі өзбек, біреуі еуропа нәсілді.
«Күдіктілердің барлығы тұтқындалған соң кінәларын мойындады», - деп хабарлады полиция өкілдері. Тергеушілер бұл қылмысты аудармашы болған адам ұйымдастырған деген болжам ұстанып отыр.
«Аудармашының айтуынша, ол өз бастығына туған бауырын жүргізуші етіп жалдаған. Күдікті өз бастықтары 9 жарым миллион теңгені 40 мың еуроға айырбастаған. Басшы ақшаны Кореядан келіп қайтадан кетуге тиіс болған жұмыскерлер үшін дайындаған екен. Мұны білген аудармашы бауырымен келісіп қасына тағы екі адам алып жәбірленушінің өздеріне деген сенімін пайдаланып көлікпен қала сыртына шыққан», - дейді полиция. Тергеушілердің бейнетаспаға түсірген күдіктілердің жауабында олар жәбірленушіні балық аулайтын лескамен сәл буындырған соң тағы үш рет пышақ салғанын айтқан.
Полиция күдіктілер денені қардың астына көме салғанын айтады. Ақшасын алған соң күдіктілердің әрқайсысы өздеріне алиби жасаған. Тіпті, мүрденің аяқ-киімін шешіп алған. Бірақ, іздестіру барысында анықталғандай, күдіктілер жәбірленушіден алған ақшаға «Лексус» және «Ауди» маркалы екі машина сатып алған, дейді полиция басшылығы. Ал 3 мың долларды туыстарының несиесін жабу үшін Оңтүстік Қазақстан облысына жіберіпті. Қалған 18 мың еуроны телефон аппаратының ішіне тығып қойған. Енді Қылмыстық кодекстің «Қасақана кісі өлтіру» туралы 96-бабымен күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін және бұл жағдайда олардың мүлкі мемлекет пайдасына алынады.