АБУДЖА: Нигерияның Лагос штатындағы мұнай құбырында болған жарылыс пен өрттен 40 шақты адам құрбан болды. Сейсенбі күні болған апаттың орнынан 34 кісінің мәйіттері табылды. Бірақ қаза болғандардың саны арта түсетін сыңайы бар. Жарылысқа жергілікті тұрғындардың мұнай құбырынан шикізат ұрламақ болған әрекеті себеп болса керек. Мұндай қайғылы оқиғалар Нигерияда жиі болып тұрады.