Сербия парламенті, сол сияқты, Косово провинциясының мәртебесі анықталмай жатқан тұста оның тәуелсіздігі мойындалса Еуропа Одағына өту процесін тоқтатамыз, Косовода Еуропа Одағының миссиясын орнатуға қарсы боламыз дейді. Парламентте сөйлеген Сербия бас министрі Воислав Коштуница Америка Құрама Штаттары Косово албандарының тәуелсіздік жариялаймыз дегендерін ашық қолдап, компромисс табуға бөгет жасап отыр деп айыптады. Сербия президенті Борис Тадич Косовоны ел құрамында сақтап қалуға міндеттіміз, дегенмен бұл "еуропалық болашағымызға" нұқсан келтірмеу керек деді.