Accessibility links

Пәкістанда оппозицияның екі жетекшісін қолдау мақсатында өтіп жатқан екі митингте шабуыл жасалды


Равалпинди қаласында Беназир Бхуттоны қолдау жиналысы өтіп жатқанда қатты жарылыс болды. Жарылыс Бенезир Бхутто сөйлеп болып, жиналыс жерінен кеткен соң орын алды. Адам шығыны жайында әзірше мәлімет жоқ. Сол сияқты, Исламабад қаласында оппозиция жетекшісі Науаз Шәрифті қолдау митингісі өтіп жатқанда оқ атылды, кемінде төрт адам қаза тапты, бірнеше адам жарақат алды. Мәліметтерге қарағанда, оқ жақын маңда орналасқан президент Перуез Мұшаррафтың партиясына тиісілі кеңседен атылған. Науаз Шәріф 8 қаңтарға белгіленген парламент сайлауынан шеттетілген, бірақ партиясының ықпалы күшті.
XS
SM
MD
LG