Accessibility links

2007 жылдың қортындысы бойынша халықаралық ұйымдардың Қазақстанды бағалауы


Халықаралық ұйымдар Қазақстанды сөз еркіндігі жоқ әрі жемқорлық меңдеген ел деп бағалады.

Freedom House: Әлемдік сөз еркіндігін бағалау кестесі бойынша 2007 жылы Қазақстан 195 мемлекеттің арасында 166-шы орында, 2006 жылы 194 мемлекеттің арасында 165-ші болған. Сөз бостандығы жағынан Қазақстан еркін ел емес деп бағаланды.

Transparency International: Халықаралық жемқорлық индексі бойынша биыл Қазақстан 180 мемлекеттің арасында 150-ші орынға жайғасты, 2006 жылы 163 мемлекеттің арасында 111-ші орында тұрған. Бұл ұйым жемқорлық көрсеткіші жағынан Қазақстанда ахуалдың нашарлай түскенін атап отыр.

Әлемдік Банк: Іскерлікке қолайлылық индексі бойынша жағдайына орташа деген баға берілген Қазақстан 2007 жылы 178 мемлекеттің арасында 71-ші орында, 2006 жылы 175 мемлекеттің арасында 71-ші болған еді.

Foreijn Policy Fund for Peace: Сәтсіздік индексі бойынша Қазақстан 2007 жылы тізімдегі 177 мемлекеттің арасында 103-ші орында, 2006 жылы 146 мемлекеттің арасында 88-ші орында болатын. Халықаралық ұйым өз өлшемінде елдің бұрынғы деңгейінен төмендей түскенін ескертіп отыр.
XS
SM
MD
LG